Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 727 мектепте балалар қызылша жұқтырған

Қазақстанда 727 мектепте балалар қызылша жұқтырды. Олардың 60 %-ы екпе салдырудан бас тартқандар. Бұл жөнінде ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зауре Ахметова айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ОКҚ

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте комитет өкілі қызылшаның таралуы жайлы айты. Оның дерегінше, жыл басынан бері елімізде қызылша жұқтырудың 13 103 жағдайы тіркелген. 

"Оның ішінде 83%-ы 14 жасқа дейінгі балалар арасында, 2,9%  жасөспірімдер, 14,1% (1854)  ересектер. Қызылшаны жұқтыру жағдайлары барлық өңірлерде тіркелді, Шымкент қаласында жоғары деңгей байқалды - 2 283, Алматы қаласында - 2 217 жағдай, Жамбыл-1 605 жағдай, Алматы – 1215 жағдай және Атырау облыстары – 940 жағдай", - деп мәлімдеді Зәуре Ахметова.

Оның айтуынша, 1,5 мың бала вакцинациядан бас тартқан. Қазіргі уақытта еліміз бойынша 727 мектепте қызылша жұқтырған оқушылар саны 1444-ке жеткен. 

"Бұл ретте алғашқы 72 сағат ішінде эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 2565 байланысушы адам екпе алды, сонымен бірге 1552 ата-ана балаларын вакцинациялаудан бас тартты, 538 баланың медициналық кейінге шегеруі бар. Сондай-ақ 1083 мектепке дейінгі балалар мекемесінде 1690 жағдай тіркелген, ошақтарда эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 1469 байланысушы адам вакцинациямен қамтылды, 1,5 мың бала вакцинациядан бас тарту себебінен вакцинацияланбаған, 936 баланың медициналық кейінге шегеруі бар", - деді ол.

Комитет өкілі атап өткендей, қазіргі уақытта балалардың ата-аналары арасында да, қызылшамен ауырған адаммен тығыз байланыста болған 30 жасқа дейінгі адамдар арасында да эпидемиялық көрсеткіштер бойынша вакцинациядан бас тартуды тіркеу орын алуда.

"Бұл үрдіс қызылшамен ауырғандар арасында да байқалады, сондықтан 60%-да жұқтырған балалар вакцинациядан бас тартуға байланысты жоспарлы түрде вакцинацияланбаған, 18%-да – медициналық кейінге шегеру бойынша, 22%-да – егу жасына жетпеген", - деп түсіндірдіді комитеті төрағасының орынбасары Зауре Ахметова айтты.

Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарға қызылшаның таралуына қатысты үндеу жасаған болатын.

Ал, денсаулық сақтау министрінің орынбасары - бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова қызылша Қазақстанның барлық аймағына тарағанын мәлімдеген еді. Сондай-ақ, денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев қызылша ауруының тез таралуының себебін түсіндіріп берген еді. 

Талқылау