Демалыс 4 мамырдан 8 мамырға ауыстырылды: Қазақстандықтар келер айда қанша күн демалады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі демалыс күні 4 мамырдан 8 мамырға ауыстырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Еңбек министрлігі демалыс күнін 2024 жылғы 4 мамырдағы сенбіден 2024 жылғы 8 мамыр сәрсенбіге ауыстыру туралы бұйрықты бекітті.
Бұл жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында жасалған.
Осылайша қазақстандықтар 7, 8 және 9 мамырда қатарынан демалады. Ал сенбі 4 мамыр жұмыс күні болады.
Еске салсақ, бұған дейін үкімет қазақстандықтардың мамыр айындағы демалысын ұзарту үшін демалыс күнін кейінге қалдыру мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеген едік.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар