Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2024 жылы олимпиада жеңімпаздарына берілетін сыйақы мөлшері белгілі болды

Мәдениет және спорт министрлігі халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша құрама командаларының мүшелеріне берілетін ақшалай сыйақы мөлшерін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: olympic.kz

Министрлік мәліметінше, ең көп ақшалай сыйлықты олимпиада, паралимпиада және сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері алады. Алтын жүлдегер атанған спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына әрқайсысына 250 000 доллардан беріледі, күміс жүлде үшін 150 000 доллардан, қола үшін 75 000 доллардан беріледі. 

Әлемдік рекорд орнатқан кез келген қазақстандық спортшыға мемлекеттен ақшалай сыйақы беріледі. Рекорд орнатқан спортшы мен оның жаттықтырушысы 5000 доллар көлемінде сыйақы алады.

Ал Қазақстан бокс федерациясы Париж олимпиадасында жеңіске жеткен боксшыларға төленетін сыйақы мөлшерін атады. 

“Бұған дейін Париж олимпиадасында жетістікке жеткен боксшыларға Қазақстан бокс федерациясы тарапынан берілетін сыйақы мөлшері жарияланған еді: 

Бірінші орын үшін – 220 мың доллар;

Екінші орын үшін – 120 мың доллар;

Үшінші орын үшін – 70 мың доллар;

Төтрінші орын үшін – 30 мың доллар;

Бесінші орын үшін – 10 мың доллар”, – делінген федерациясы хабарламасында. 

Айта кетейік, халықаралық олимпиада комитеті спортшыларға ақшалай сыйлық төлемейді. Қатысушы елдер ғана өз спортшыларын марапаттайды. Ал Қазақстан спортшыларына ең көп сыйақы (алтынға 250 000 доллар) беретін елдер тізімінде.

Сыйақы бойынша рейтингтің көшбасшысы – Сингапур, бұл елде чемпионға миллион долларлық чек беріледі. Алайда, бұл ақшаға салық салынады, қаржының бір бөлігі спортты дамытуға және кейінгі жаттығу шығындарын жабуға жұмсалады.

Ұлыбританияда, Швецияда, Хорватияда, Норвегияда және әлемнің басқа да бірқатар елдерінде олимпиада жеңімпаздарына ештеңе төленбейді. АҚШ-та олимпиада чемпионы 37,5 мың доллар алса, Ресейде 54,5 мың доллар алады. Ал Нигерия мен Сенегал үкіметтері жүлделі спортшыларына сиыр сыйға тартады.

Талқылау