Қазақстанда орташа жалақы көлемі 435 мың теңгеге дейін өсті
2024 жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстандағы орташа жалақы үш айда 11,4% өсіп, 434 982 теңге болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық статистика бюросы 2024 жылдың төртінші тоқсанындағы Қазақстандағы қызметкерлердің саны мен жалақысы туралы соңғы ақпаратты жариялады.
4-тоқсанда қызметкерлердің нақты саны – 3,8 млн адам. Оларға үш айда 4,9 трлн теңге төленді.
2024 жылғы IV тоқсанда медианалық жалақы – 308 717 теңге, ал шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда атаулы жалақы – 434 982 теңге. 2023 жылға қарағанда өсім 10,5%, нақты мәнде – 1,8% өсті.
4-тоқсанда жалақы жыл қорытындысы бойынша берілетін қосымша төлемдер мен мерекелік сыйақылар есебінен көбейеді.
Қай салаларда орташа жалақы жоғары және төмен
Орташа айлық жалақының ең жоғарғы өсімі ақпарат және байланыс саласында байқалды, 2023 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда 32,8%, ауыл, орман және балық шаруашылығы 22,7%, жылжымайтын мүлікпен операциялар – 20,3% көбейді. Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 7,6%, білім беру саласында орташа айлық жалақы 5% өсті.
2024 жылдың 4-тоқсанында ең жоғары орташа жалақы қаржы және сақтандыру секторында тіркелді – 943 931 теңге. Екінші орында ақпарат және байланыс – 798 337 теңге. Ал үшінші орында кәсіптік, ғылыми-техникалық қызмет – 697 905 теңге. Одан кейінгі орында 618 523 теңге орташа жалақы – өнеркәсіп саласы.
Ал ең төмен жалақы: білім беру – 311 298 теңге, өнер, ойын-сауық және демалыс – 300 790 теңге, сондай-ақ ауыл, орман және балық шаруашылығы – 297 092 теңге.
Қазақстан өңірлері бойынша орташа жалақы
Бір жылда орташа айлық атаулы жалақы Алматы мен Шымкентте ең көп өсті. Алматы мен Шымкентте –13,6%, Қарағанды облысында – 13,2%, Солтүстік Қазақстан облысында – 12,9% және Ақтөбе облысында – 12,6%.
Орташа жалақы бойынша Атырау (640 938 теңге) және Маңғыстау (607 867 теңге) облыстары, сондай-ақ Астана қаласы (604 104 теңге) көш бастап тұр.
Төртінші және бесінші орындарда Ұлытау облысы (600 682 теңге) мен Алматы (539 125 теңге) қалалары тұр. Шымкентте орташа жалақы – 330 193 теңге.
Ал ең төменгі көрсеткіштер Жетісу облысында (314 398 теңге), сондай-ақ Жамбыл (313 073 теңге) және Түркістан (304 325 теңге) облыстарында тіркелді.