Қазақстанда 2021 жылы құжаттарды жасатудың құны қандай болады
Қазақстанда 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемі 2 917 теңгеге дейін өсті. Құжаттарды рәсімдеу құны қалай өзгергенін Stan.kz редакциясы ұсынады.

Айлық есептік көрсеткіш жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді, сондай-ақ, айыппұл санкцияларын, салықтарды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да төлемдерді есептеу үшін қолданылады.
-
Паспорт алу үшін мемлекеттік баж 8 АЕК немесе 23 336 теңге.
- Жеке куәлік рәсімдеу үшін 0,2 АЕК немесе 583,4 теңге төлеу қажет.
- Жүргізуші куәлігін алу үшін мемлекеттік баж 1,25 АЕК немесе 3 646 теңге.
- Қазақстанда туу туралы куәлік рәсімдеуге ақша төлеудің қажеті жоқ - ол тегін беріледі. Бірақ акт жазбасын өзгерту, толықтыру, түзету және қалпына келтіру кезінде 0,5 АЕК, яғни 1 458 теңге беру қажет.
- Неке тіркеу жас жұбайларға 1 АЕК немесе 2 917 теңге тұрады. Ал неке туралы куәлікті қайта жасату - 0,5 АЕК, 1 458 теңге.
- Ажырасуға өтініш берген кезде мемлекеттік баж - 2 АЕК немесе 5 834 теңге.
Қазақстанда ең төменгі күнкөріс дейгейі қандай?
-
Ең төменгі жалақы мөлшері - 42 500 теңге.
- Ең төменгі мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі - 18 524 теңге.
- Ең төменгі зейнетақы мөлшері - 43 272 теңге.
- Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейі - 34 302 теңге.
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты
Лагерьден кейін ұлының психологиясына айтарлықтай әсер еткен
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.