Қазақстанда 1 наурыздан бастап пойыз билеттерінің бағасы өседі
Елімізде 1 наурыздан бастап пойыз билеттерінің бағасы 20% көтеріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҚТЖ
2025 жылғы 1 наурыздан бастап әлеуметтік маңызы бар облысаралық маршруттар мен кейбір қала маңы пойыздарына жол жүру тарифінің шекті деңгейі өзгереді.
“Жол жүру тарифінің шекті деңгейінің өзгеруі жоспарлы индекстеу аясында, жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын ұзақ мерзімді субсидиялау шарттарына сәйкес 7% мөлшерінде жүргізіледі”, – деп мәлімдеді “Қазақстан темір жолы” компаниясы.
Еске салайық, бұған дейін елімізде 1 қазаннан бастап пойыз билеттерінің бағасы 20% көтерілген еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"