Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның қорғаныс министрлігі әскери техниканың қозғалысына қатысты түсініктеме берді

Әлеуметтік желіде “Қазақстан әскерінің Украина тарапына жол тартқаны” туралы ақпарат тараған. Қорғаныс министрлігі әскери техниканың әскерлердің жауынгерлік даярлық шеңберіндегі қозғалысын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік ақпаратты жоққа шығарды.

Қазақстанның қарулы күштерінде жеке құрамның орнын ауыстыруға, оқытуға, жаттықтыруға байланысты әскерлердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік даярлығын арттыру шаралары жоспарлы түрде өткізіледі. Осы күндері қорғаныс министрлігі әскери колледжінің оқушыларына практикалық сабақтар өткізу үшін Семей гарнизонынан Щучинск қаласына әскери техника жөнелтілді.

“Қорғаныс министрлігі Әскери колледжінің оқушыларына практикалық сабақтар өткізу үшін Семей гарнизонынан Щучинск қаласына әскери техника жөнелтілді. Үстіміздегі жылдың 25 ақпаны мен 3 наурызы аралығында Қарағандыдан Гвардейск гарнизонына, сондай-ақ Алматыдан Ақтау гарнизонына әскери техника жіберілді. 1-4 наурыз аралығында Шымкенттен Таразға, Түркістанға, "Айша-бибі" полигонына және кері бағытта Қарулы күштерге тиесілі техникалардың қозғалысы жоспарланып отыр. Аталған кезеңде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін әскери техникаларды темір жол көлігімен Батыс Қазақстаннан елдің оңтүстік бөлігіне жоспарлы түрде жеткізу іске асырылу үстінде”, – деп хабарлады министрлік.
 

Талқылау