Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Түркияның апат аймағында әлеуметтік нысан салып беруге дайын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитінде сөз сөйледі. Онда Президент Қазақстанның Түркияда әлеуметтік нысан салып беруге дайын екенін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: akorda.kz

Түркі мемлекеттері ұйымының "Апат және төтенше жағдайлар менеджменті, гуманитарлық көмек" атты кезектен тыс саммитінде сөз алған Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік нысан Түркияның апат аймағында орналасатынына тоқталды. 

“Жұмыла көтерген жүк жеңіл” дейді халқымыз. Біз бауырлас Түркияға одан әрі қолдау көрсетуге дайынбыз. Осы орайда, апат аймағында әлеуметтік нысан салып беруге дайын екенімізді айтқым келеді. Бұл бауырлас Түрік халқына шынайы ілтипатымыздың көрінісі болатынына сенімдімін”, - деді Президент. 

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев саммит аясында табиғи апаттың алдын алу үшін күш жұмылдыру мәселесін қозғады. Бұл бағытта Төтенше жағдайлар мекемелерінің бірлескен күшін жасақтауды ұсынды. Әрі оны Алматыдағы Төтенше жағдайлар және алапат жер сілкіністерінің қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталықтың негізінде ашуға болатынын айтты. Ортақ ұйым апаттан зардап шеккен елдерге көмек көрсету жұмыстарын үйлестіретін болады.

Талқылау