Қазақстан Токио Паралимпиадасындағы ойындарын аяқтады: Нәтиже қандай?
Қазақстандық спортшылар 2020 жылғы Токио Паралимпиадасында ойын көрсетуін аяқтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ел құрамасынан Нышан Өмірәлі дүбірлі додада ойын көрсеткен соңғы спортшы болды. Ол 75 келіде сынға түсті. Қола жүлде үшін сайыста қазақстандық спортшы мексикалық Франиско Педросқа 15:18 есебімен есе жіберді. Осылайша ол қола жүлдеге қол жеткізе алмады.
Қазақстан құрамасы дүбірлі додада 1 алтын, 3 күміс, 1 қола медаль еншіледі. Давид Дегтярев (пара пауэрлифтинг) чемпион атанды. Ал, пара дзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина күміс алса, суға жүзуші Нұрдәулет Жұмағали қола жүлдегер атанды. Жалпы командалық есепте 51-орында тұр.
Паралимпиаданың ресми жабылуы 5 қыркүйек күні болады.
"Миллиондар жоғалттым": Қазақстандықтар трейдингпен айналысамын деп сан соғып қалғандарын айтты
"500 мың теңгеге курс алып, бүкіл депозитімнен айырылдым"
"Жұмыстан шығаруға негіз емес": Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер