Қазақстан ТМД бойынша такси бағасы ең қымбат елдердің қатарында
2024 жылы мамыр айының соңында такси қызметі былтырмен салыстырғанда 11,7% қымбаттаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Еnergyprom.kz басылымының мәліметінше, елімізде биыл қаңтар мен сәуір айы аралығында 21,2 млн жолаушы такси қызметін қолданған. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 8,6% көп. Аймақ арасында Алматыда такси бағасының өскені байқалады. Қызмет құны бір жылда 31,3% артқан. Кейінгі орында Ақтөбе (22,1%) және Батыс Қазақстан (21,3%) облыстары тұр. Такси қызметі қымбаттаған алғашқы бестікке Шымкент (16,9%) пен Ақмола облысы (13,5%) да кіреді.
Ал Солтүстік Қазақстан мен Жамбыл облысында такси қызметі жылда небәрі 1% көтерілсе, Маңғыстау облысында 4,4%, Астанада 5% артқан.
Осылайша Қазақстан ТМД арасында такси бағасы ең қымбат елдердің көшін бастап тұр. Достастықтың құрамындағы басқа елдердегі такси қызметінің құнына келсек, Армения (1 шақырымға 0,28 доллар), Өзбекстан (0,29 доллар), Украина ( 0,3 доллар), Беларусь (0,31 доллар), Ресей (0,34 доллар), Әзірбайжан (0,59 доллар) кіреді.
Әлем бойынша Египетте, Филиппинде және жоғарыда аталған Арменияда такси қызметінің бағасы арзан. Ал Швейцарияда, Люксембургте және Кувейтте керісінше, тым қымбат.
Бұған дейін Қазақстанда такси жүргізушілерінің жұмысына қатысты шектеулер енгізілетіні туралы жазған едік.