Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан темір жолы Әлия Назарбаеваның компаниясымен билет сату бойынша келісімшартты мерзімінен бұрын бұзды

Қазақстан темір жолы "Instant Payments" компаниясымен билеттерді сату келісімшартын мерзімінен бұрын бұзатын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде ҚТЖ баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ мен "Instant Payments" ЖШС жолаушылар пойыздарына электрондық жол жүру құжаттарын ресімдеу мен сатуды ұйымдастыру бойынша қызметтерді сатып алу туралы шартты мерзімінен бұрын бұзу туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Ұлттық компания бұл қызметтерді дербес ұсынатын болады", – делінген мәлімдемеде.



Жол жүру құжаттарын ресімдеу сайтта әдеттегі режимде сонымен қатар жол жүру қабаттарын рәсімдеу BILET.RAILWAYS.KZ кассаларда және онлайн сервистерде жүргізілетіні атап өтілген. Сервиске қолжетімділік нарықтың барлық қатысушыларына ашықтық және айқындық қағидаттарында беріледі.

Айта кетейік, "Instant Payments" ЖШС-мен шартқа 2014 жылы 2023 жылдың соңына дейін әрекет ету мерзімімен қол қойылған еді.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Instant Payments негізін салушылардың бірі Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы.

Талқылау