Қазақстан Таяу Шығыста атысты тоқтатуға дауыс берді: АҚШ пен Израиль қарсылық білдірді
БҰҰ Бас ассамблеясы Газа секторы мен Израильге қатысты резолюция қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

28 қазанда БҰҰ Бас ассамблеясында Қазақстан өзге 119 елмен бірге Израиль және ХАМАС арасындағы қақтығыс аумағында атысты тоқтатуға дауыс берді. Дауыс берушілер саны басым болғандықтан, атысты тоқтату туралы шешім қабылданды.
БҰҰ ассамблеясында резолюция қабылдау туралы ұсынысты араб елдері білдірген. 12 ел құжатты қолдап, Израиль мен АҚШ бастаған 14 ел қарсы болды. Тағы 45 ел дауыс беруден бас тартты.
Резолюцияға қарсы болған елдер қатарында Австрия, Хорватия, Чехия, Гватемала, Венгрия, Маршаллов аралдары, Микронезия, Науру, Папуа-Жаңа Гвинея, Парагвай, Тонга мен АҚШ бар.
2026 жылы қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша қаражат жұмсайды
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Ресейлік қыз қазақ отбасына келін болып түсті: Ол Қазақстан жайлы көзқарасы қалай өзгергенін айтты
Алена: “Қой бауыздайтындары әлі таңғалдырады, ал шашу мен құдалық ұнады”