Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай рақымшылық жасалатын тұтқындар санаты белгілі болды
"Ашық нормативтік-құқықтық актілер" порталында қоғамдық талқылауға "Қазақстан Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заң жобасы шығарылды. Онда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына рақымшылық жасалатын сотталушылар санатының тізімі берілген.
Осылайша, ауырлығы орташа қылмыс жасаған азаматтардың әлеуметтік осал санаттары қылмыстық жауаптылықтан және негізгі жазадан босатылады:
- ҰОС қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілгендер;
-
Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, оның ішінде бұрынғы КСР Одағының, әскери немесе интернационалдық борышын атқару кезінде қаза тапқан немесе хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметшілердің басқа тіркелген некеге тұрмаған жесірлері, сондай-ақ соғыс мүгедектерінің және оларға теңестірілген адамдардың әйелдері;
- қылмыс жасаған кезде 18 жасқа толмаған адамдар;
- осы Заң қолданысқа енгізілген күні елу жасқа толған және одан жоғары әйелдер, алпыс жасқа толған және одан жоғары ерлер;
- Заң қолданысқа енгізілген күнге жүкті әйелдер;
-
ата-ана құқықтарынан айырылмаған балалары бар, оның ішінде асырап алынған не қорғаншылықта және (немесе) қамқоршылықта жүрген, осы Заң қолданысқа енгізілген күні он сегіз жасқа толмаған не қылмыс жасаған және сотталған кезінде жасына қарамастан мүгедек балалар асырауында болған әйелдер;
-
осы Заң қолданысқа енгізілген күні кәмелетке толмаған балалардың жалғыз ата-анасы болып табылатын және ата-ана құқықтарынан айырылмаған ерлер.
- бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар.
Сонымен қатар, қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босатылатын адамдар:
- қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес қылмыс;
- қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген залалдары және басқа да талап-қарыздары жоқ немесе оны толығымен өтегендер;
- әлеуметтік қауқарсыз тұлғалар ауырлығы орташа қылмыстар жасағандары үшін қылмыстық жауаптылықтан және негізгі жазадан босатылады.
Мерзімдері қысқартылады:
- Ауырлығы орташа қылмыстар жасаған адамдарға негізгі жазаның мерзімдері немесе мөлшері екіден бір бөлігіне қысқартылады;
- Әлеуметтік жағынан осал адамдарға берілетін негізгі жазаның мерзімі мен мөлшері қысқартылады:
- ауыр қылмыстар бойынша - екіден бір бөлігіне;
- аса ауыр қылмыстар бойынша - төрттен бір бөлігіне;
- Залалды өтеген адамдарға берілетін негізгі жазаның мерзімі мен мөлшері қысқарады:
- ауыр қылмыстар бойынша - үштен бір бөлігіне;
- аса ауыр қылмыстар бойынша - бестен бір бөлігіне.
Негізгі жазаның өтелмеген немесе орындалмаған бөлігінің қалған мерзімдері мен мөлшері қысқартылады:
- ауыр қылмыстар бойынша - бестен бір бөлігіне;
- аса ауыр қылмыстар бойынша - алтыдан бір бөлігіне.
Рақымшылық жасау қолданылмайтын адамдар:
- кәмелетке толмағанның он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар жасаған жағдайды қоспағанда, кәмелетке толмағандарға қатысты осындай қылмыстар жасаған, террористік қылмыстар, экстремистік қылмыстар, азаптаулар, сондай-ақ қылмыстардың қайталануы немесе қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде жаза тағайындалған кәмелетке толмағандарға;
- он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болу және нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер, жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдiң жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсiқұмарлық сипаттағы өзге де iс-әрекеттерге мәжбүр ету, жас балаларды азғындату;
- жеке адамға қарсы ауыр және аса ауыр қылмыстар;
- адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті өмірге қол сұғушылықпен не зорлық-зомбылықпен ұштасқан және біріктірілген қылмыстар;
- ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар;
- қылмыстық топтардың, ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың құрамындағы қылмыстар;
- бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігіне, мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға;
- сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу қылмысын жасағандар;
- мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттік берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаса, егер олар өзiнiң қызмет бабын пайдалануымен ұштасса;
- қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына және имандылыққа қарсы ауыр және (немесе) аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға;
- адамның, екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан абайсызда жасалған қылмыстар;
- өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен өмір бойына бас бостандығынан айыруға, сондай-ақ өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалған адамдарға;
- оларға қатысты жаза орындалған және жазасын өтегендер;
- қылмыстардың жиынтығы болған кезде, егер олардың бiреуі осы Заңның қолданылу аясына жатпайтын болса;
- үкімдердің жиынтығы болған кезде, егер олардың бiреуі осы Заңның қолданылу аясына жатпайтын болса;
Заң қолданысқа енгізілген күні Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 130-бабына сәйкес жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушылар деп танылған немесе жазаны өтеу кезінде қасақана қылмыс жасаған адамдар деп танылады.
Заң жобасы 5 наурызға дейін жария талқылауға шығарылды.