"Қазақстан президенттігіне кандидат боламын деп шештім": Дина Төлепберген маңызды мәлімдеме жасады
Танымал журналист, продюсер Дина Төлепберген өзіне қатысты сегіз дерек бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/dina_tolepbergen/
БАҚ өкілі өзі туралы 8 дерек айтып, оқырмандарымен сырласты.
“Иә, бойым – 1 метр 53 сантиметр. Бірақ жүрегім – XL. Камера ұстап, штативтердің арасынан өткен қазақ қыздарының жарысы болса, алтын медаль алар едім. Менің негізгі мамандығым – режиссер. Көптің алдында сөз сөйлеуді, эмоциямен жұмыс істеуді сол кезде үйрендім. Ұлым Асқарәліге тромбоцетопения диагнозы қойылғанда күндіз эфирде шындық іздеп, түнде палатада ертегі оқып отыратын ана едім. Журналистикада 20 жылдан астам тәжірибем бар. Тони Блэр, Ангела Меркель, Кофи Аннан сынды әлемдік көшбасшылардан сұхбат алған қазақ қызымын. Бір кездері “Қыз журналист болу үшін аяқ та, қол да мықты болуы керек” дегенмін, бірақ жүрек пен жүйке керек екен. Мені жасаған екі адам бар. Анам қатал тәрбиемен қайрады. Күйеуім шексіз махаббатпен өзіме сендірді. 2029 жылы Қазақстан президенттігіне кандидат боламын деп шештім. Бұл қазақ қыздары үшін”, – деп жазды журналист.
Еске салайық, Дина Төлепберген 20 жыл бұрын тұрған үйін көрсеткен еді.
“20 жылдан соң оралу… Шымкент, 1 бөлмелі суық пәтер… Кішкентай кезімде достарыма пәтерімді, үйімді көрсетуге қынжылатынмын. Себебі тұрмыстың төмендігін көріп, ұялып, араласатындар алшақтайды деген қорқыныш болған еді. Мектеп кезімде осы үйіме жақын құрбым келді. Ол не айтады, үй-жағдайымды көріп қашқақтай ма, деген ой болғаны жасырын емес”, – деген еді БАҚ өкілі.