1113 адам бар: Қазақстан өз азаматтарын Украинадан эвакуациялайды
Украинадағы жағдайға байланысты Қазақстанның Киевтегі елшілігі қазақстандықтарды эвакуациялайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.
"Қазіргі уақытта уақытша консулдық есепте 517 адам тұр – бұл елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері, студенттер, бизнес өкілдері. Ал тұрақты консулдық есепте 1 113 адам тұр", - деп хабарлады министрліктен.
Алайда СІМ бұл сандар әлі де өзгеруі мүмкін екенін атап өтті.
"Қазір эвакуацияланғысы келетіндер туралы ақпарат жиналуда", - деді министрлік.
Бұған дейін Украинадағы соңғы оқиғаларға байланысты Қазақстан елшілігі қазақстандықтарды эвакуациялау жоспарлары туралы жариялады деп хабарлаған болатын.
"Украина шығысында жағдайдың шиеленісуіне және Қазақстанмен әуе қатынасының тоқтауына байланысты қазіргі таңда жер үсті көліктерімен Отанға қайтару жолдары пысықталып жатыр. Львов қаласына дейін өз бетінше жету үшін тиімді бағытты таңдауға кеңес береміз", – делінген Қазақстанның Украинадағы елшілігінің хабарламасында.
Алдын ала жиналу орны – Қазақстанның Львов қаласындағы құрметті консулдығы, Замкнен көшесі, 3/1.
Құрметті консул: Маслюк Галина Дмитриевна, +38 (032) 240-34-49, +38 (067) 370-36-10, +38 (093) 373-49-61. E-mail: [email protected].
"Тыныштық сақтауды сұраймыз. Елшілік азаматтарымызға барынша көмек көрсетеді. Өзекті ақпаратты Қазақстанның Украинадағы елшілігінің сайтынан, әлеуметтік желілері мен мессенджерінен көре аласыздар", – делінген хабарламада.
Елшіліктің байланыс нөмірлері: +38 (044) 483-15-96, +38 (067) 347-04-08.
Украинада жүрген қазақстандықтар Қазақстанның елшілігіне мына мекенжай арқылы хабарласа алады:
Киев қаласы, Ильенко көшесі, 26-үй және "қауырт желі" телефондары арқылы: +38 (067) 347 04 08 (WhatsApp, Viber), +38 (044) 483 15 96, +38 (044) 489 18 58.
"Отандастарымыз Харьков (консулдық округ мына аймақтарды қамтиды – Харьков, Сумы және Полтава облыстары), Львов (Волынская, Закарпатская, Ивано-Франковская, Ровненская, Тернопольская, Хмельницкая, Черновецкая және Львов облыстары), Одесса (Николаевская, Херсонская және Одесса облыстары) және Днепр (Днепропетровск облысы) қалаларында орналасқан Қазақстанның құрметті консулдарының кеңселеріне бара алады", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ сыртқы істер министрлігінде қазақстандықтар үшін "қауырт желі" ашылды: +7 (7172) 72-06-06.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
