Қазақстан неліктен коронавирусқа қарсы заманауи дәрілерді сатып алмайды – Министрлік өкілі түсіндірді
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирусқа қарсы заманауи дәрілердің неліктен тапшы екенін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Дәрілік саясат департаментінің директоры Бауыржан Жүсіпов қазіргі таңда Денсаулық сақтау министрлігі "Паксловид" секілді коронавирусқа арналған сертификатталған дәрілерді сатып алуды пысықтап жатқанын айтты.
- Елімізде күзден бастап дәрі-дәрмекті таңбалау жүргізілмек
- "Антиген тесттердің бағасын мемлекет реттемейді": Денсаулық сақтау министрі жедел тесттердің неліктен қымбат екенін түсіндірді
"Иә, қазір біздің клиникалық хаттама әзірлеушілеріміз осы бағытта белсенді жұмыс істеп жатыр. Біз әлемде коронавирустық инфекцияны емдеу үшін қолданылатын бірқатар дәрілер бар екенін зерттеп жатырмыз. Бірақ бұл барлық препараттар бүкіл зерттеулердің соңғы кезеңінен өтіп үлгермеді. Бірақ бірқатар елдер жағдайға сәйкес біршама дәрілерді шұғыл қолдану бойынша ұсыныстар беріп жатыр", - деп жеткізді ол.
Жүсіпов сөзінің соңында алдағы уақытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелері жарияланатынын жеткізді.
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген
"1 миллион 200 мың теңге сұрады”: Қазақстандық мұғалімдер мектепке жұмысқа тұру ақша сұрайтынын айтып наразы болды
Айман: "Олардың өз схемасы бар, ақшаны делдалдар арқылы қолма-қол сұратады"