"Негізінен орыс тілді ел": Ресей билігі Қазақстандағы орыс тілін дамыту үшін зерттеу жүргізбек
Ресей билігі орыс тілінің жай-күйі мен "шетелде орыс тілін қолдау және дамыту" мемлекеттік бағдарламасы аясында социологиялық зерттеулерге тапсырыс беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Ведомости" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: podrobno.uz
Ресей Сыртқы істер министрлігі алты елде сауалнама жүргізу үшін 35 миллион рубль қаржы бөлуді жоспарлауда.
Сауалнама Қазақстан, Израиль, Үндістан, Қытай, Куба және Мысырда жүргізіледі. Мониторинг нәтижелері бойынша әлеуметтанушылар орыс тілінің тартымдылығын арттыру үшін ұсыныстар дайындамақ. Ұсыныстар Мәскеуде өтетін дөңгелек үстелде таныстырылады.
Саяси технологиялар орталығының президенті Борис Макаренконың айтуынша, таңдалған елдерде орыс тіліне деген қызығушылық жоғары.
"Қазақстан негізінен орыстілді ел. Жалпы, бұл Ресей Федерациясына салыстырмалы түрде жақын елдер, олардың орыс тілін үйрену дәстүрлері бар", – деді ол Борис Макаренко.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
Ресейлік стример Fassoollka-ға мемлекет неге үнсіз және оны қандай жаза күтіп тұр?
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"