Қазақстан мен Макао визасыз режим туралы келісімге қол қойды
Қазақстан мен Макао өзара визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі хабарлайды.

Фото: Pixabay
Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев пен Макао арнайы әкімшілік ауданының әкімшілік және әділет хатшысы Чонг Вэн Чонг Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының Макао арнайы әкімшілік аймағының үкіметі арасындағы 14 күнге дейін визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойды.
Ақпаратқа сәйкес, құжат ішкі мемлекеттік рәсімдер аяқталғаннан кейін күшіне енеді.
Макао – Қытай Халық Республикасының ерекше әкімшілік ауданы, әлемдегі халқы ең көп аймақ.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған