Қазақстан құрамасының капитаны айқын жеңіспен жартылай финалға жолдама алды
Фото: KBF
Айбек Оралбай 2025 жылғы әлем чемпионатында Қазақстанға медаль сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан жарыста ұлттық құраманың капитаны жартылай финалға жолдама алды.
Аса ауыр салмақтағы (+90 келі) ширек финалда ол 2024 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, хорват Луко Пратлячичпен кездесті. Отандасымыз қарсыласын алғашқы екі раундта бірдей есеппен – 5:0 есебімен жеңіп, айқын басымдық танытты.
Шешуші раундта да Оралбай үстемдігін дәлелдеп, сенімді жеңісіне қол жеткізді. Нәтижесінде қазақстандық боксшы кем дегенде қола медальға ие болды.
Айбек Оралбай бұған дейін Азия чемпионатын екі мәрте (2022, 2024) жеңіп алған болатын. Осылайша команда капитаны Ливерпульдегі әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алған 7-ші қазақстандық боксшы атанды.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен

