Қазақстан құрамасы волейболдан клубтар арасындағы Азия чемпионатына қатысады
Волейболдан Қазақстан құрамасы қатысатын Азия чемпионатының жеребесі тартылып, қарсыластары анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК
22-29 қыркүйек күндері Таиландта волейболдан клубтар арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Құрлықтық турнирге 2023 жылғы Қазақстан кубогінің иегері "Қуаныш" волейбол командасы да қатысады. Қазақстандық волейболшылар А тобына түскен командамыздың қарсыластары – Вьетнам, Гонконгтың екінші командалары және таиландтық клуб. В тобында Вьетнамның бірінші командасы, Жапония, Иран және Филиппин волейболшылары орналасқан.
Айта кетейік, "Қуаныш" волейбол клубы былтыр өз тарихында тұңғыш рет Қазақстан Республикасы кубогының чемпионы атанған еді.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды

