Қазақстан футзал құрамасы Нидерландыны жеңіп әлем чемпионатына жолдама алды
14 желтоқсанда футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Нидерландыны жеңіп, Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астанада өткен кездесуде Қазақстан Нидерланд құрамасын 2:0 есебімен жеңді. Голдарды Біржан Оразов (1-минут) пен Дуглас Джуниор (7-минут) соқты.
Осы жеңістің арқасында Қазақстан 15 ұпай жинап, А тобында бірінші орынмен әлем чемпионатының финалдық кезеңіне өтті. Қазақстан құрамасы Румыния, Әзербайжан, Нидерланд бар іріктеу тобынан уақытынан бұрын жолдамаға иеленді.
- Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы Тоқаевқа бокс қолғабын сыйлады
- Ресейлік клубтар "Қайраттың" бас бапкеріне қызығушылық танытуда
Осылайша 20 желтоқсанда Бухарестте өтетін Рикардо Кака шәкірттері мен Румыния арасындағы келесі кездесудің Қазақстан құрамасы үшін аса маңызы болмайды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі