Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде жоғары көтерілді
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық футбол қауымдастықтары одағының (FIFA) жаңарған рейтингінде 8 саты жоғарылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы рейтингтің 104-орнында тұр. Маусым айында ұлттық құрама екі ойын өткізді. 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында қазақ футболшылары сырт алаңда Сан-Марино және Солтүстік Ирландия құрамаларын ұтты.
Жаңарған рейтингте үздік үштікте өзгеріс жоқ. Аргентина құрамасы көш бастап тұрса, екінші орында – Франция. Бразилия құрамасы үштіктегі орнын сақтап қалған.
"Мәйіттің арқасы көгерген": ҚазҰУ-да жатақханадан өлі табылған студенттің анасы қызының өліміне қатысты күмәнін айтты
Қыздың анасы қызының өліміне қатысты барлық мән-жайдың анықталып, шындықтың ашылғанын қалайтынын айтты
Қара түтінге шағымданған алматылыққа зертханалық сараптаманы өзі жүргізу талап етілген
Ғимарат Қарасу шағын ауданында орналасқан

