Қазақстан Қытайдың Украинаға қатысты бейбітшілік жоспарын қолдады
Қазақстан Қытай ұсынған 12 тармақтан тұратын Украинадағы қақтығысты реттеуге арналған бітімгершілік жоспарын қолдады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.
"ҚР Қытай Халық Республикасының Украина дағдарысын саяси жолмен реттеуге қатысты ұстанымын құптайды. Олардың бейбітшілік жоспары БҰҰ жарғысына сәйкес әзірленген және мемлекеттердің аумақтық тұтастығын, егемендігі мен тәуелсіздігін құрметтеуге негізделген. Сондай-ақ қантөгісті тоқтатуға арналғандықтан қолдауға әбден лайық", - делінген агенттіктің ресми сайтында.
Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба жоспардың бір тармағымен келіспесе де, құжаттың өзі украин билігіне қызық болып көрінетінін мойындаған.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды