Жаңа министр де Қазақстан интернет жылдамдығы жағынан Токионы басып озғанын айтты
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Speedtest Ookla бойынша биыл сәуір айында Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша 66-орынға шыққанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Bluescreen.kz
Мәдиев үкімет отырысында атап өткендей, бүкіл әлемде интернетті тұтынудың қарқынды өсуі байқалады. Қазақстанда 2020 жылмен салыстырғанда трафик өсімі 61,5%, ал жазылушылар саны 12,9% өсті.
"2024 жылдың сәуір айындағы Speedtest Ookla деректері бойынша Қазақстан орташа жылдамдығы секундына 43,6 мегабитпен 66-орынға шықты", – деді министр.
Қазір Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша Speedtest рейтингінде 64 орында тұр. Жапония 65, Марокко 66, Израиль 67, Түркия 68, Грузия 69, Ирландия 70 орында тұр.
Үздік үштікке Катар, БАӘ және Кувейт кірді.
Қазақстан кең жолақты интернет рейтингінде 98-орынды иеленді. Еліміз Венесуэла, Гватемала, Греция және басқа да елдерді басып озды. Бұл рейтингтің алғашқы үштігіне Сингапур, Гонконг және Чили кіреді.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Оңтүстік Кореяға Samsung смартфондарын бірлесіп шығаруды ұсынғанын жаздық.. Бүгінде ол – республикадағы ең танымал телефон.