Қазақстан Samsung смартфондарын шығаруға ниетті
Қазақстан танымал смартфондарды шығаруға ниетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Қазақстан Оңтүстік Кореяға Samsung смартфондарын бірлесіп шығаруды ұсынды. Бүгінде ол – республикадағы ең танымал телефон.
"Бұл құрылғыларға сұраныс тұрақты түрде өсіп отыр, Қазақстан нарығының 50%-дан астамын оңтүстіккореялық бренд алып жатқанын ескере отырып, Қазақстанда смартфондардың бірлескен өндірісін құру мәселесі қарастырылып жатыр", – деп мәлімдеді цифрлық министрліктің баспасөз қызметі.
Мәлімдеулерінше, бұл жобаға серіктес таба алады.
"Қазақстанда дарынды жастар, университеттер және кешенді инновациялық экожүйе базасы бар, елде смартфондарды бірлесіп шығаруға болады", – деп қосты ЦДИАӨМ.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?