Қазақстан халқының саны белгілі болды
Ұлттық статистика бюросы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны туралы мәліметтерді жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда 20 223 218 адам тұрады. Жыл басымен салыстырғанда қазақстандықтардың саны 190 мыңға артқан.
Қазақстанда миллионнан астам адам тұратын үш қала бар: Алматы (2 275 541 адам), Астана (1 502 102 адам) және Шымкент (1 246 661 адам). Облыстардың ішінде Түркістан (2 153 616 адам), Алматы (1 551 350 адам), Жамбыл (1 222 973 адам) және Қарағанды (1 134 257 адам) облыстарында миллионнан астам халық тұрады.
Статистика бюросының дерегінше, Қазақстандықтардың басым бөлігі қала тұрғындары – 12 704 977 адам. Ауылдық жерлерде 7 518 241 қазақстандық тұрады.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда халық саны 20 миллионнан асқаны туралы жазған едік.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"