Қазақстандықтарға Украинадан кетуге кеңес берілді
Қазақстанның Украинадағы елшілігі 5 қыркүйекте қазақстандықтарға үндеу жолдап, Украинадан кету керегін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: t.me/KZembassyinUKR
“Шиеленістің күшеюіне байланысты және қауіпсіздік мақсатында Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан азаматтарына Украина аумағынан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынады. Украинадан Қазақстанға бару үшін отандастарымыз жерүсті бағыттарын пайдалана алады: Польша немесе Молдова арқылы, одан әрі – коммерциялық әуе қатынасы арқылы”, – деп мәлімдеді Қазақстанның Укрианадағы елшілігі.
Ведомство Польша арқылы кеткен жағдайда Қазақстан азаматтарында Шенген визасы болуы қажет екенін ескертті.
“Молдоваға кіру үшін виза қажет емес. Сонымен бірге Елшілік барлық азаматтарды әуе шабуылы туралы ескертуді елемеуге және дереу паналауға, өздерінің қауіпсіздік шараларын сақтауға және ресми органдардың ұсыныстарын орындауға шақырады”, – делінген хабарламада.
Елшіліктің консулдық бөлімінің байланыс телефондары:
+38(044) 4831596, +38(044) 4891031.
Қазақстан азаматтарына арналған сенім телефоны:
+380673470408.
Бұған дейін қоғам белсендісі Батыс Қазақстан тұрғынының Украинадағы соғыста қаза тапқанын айтқан еді.