Қазақстан ЕАЭО-ға төрағалық етеді
ЕАЭО жарғылық органдарына төрағалық Беларусь елінен Қазақстанға ауысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2021 жылы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің төрағалығы кезінде Қазақстанның қандай жұмысқа мән беретіні жөнінде ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім еткен еді.
"Еуразиялық экономикалық одақтың жарғылық органдарындағы төрағалық жаңа жылдан бастап Беларусьтен Қазақстанға өтеді. Келесі жылы басты басымдықты экономикалық одақ туралы келісімді толыққанды орындауға, кедергілерді жоюға, өзара тиімді кооперациялық және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, комиссияның кадрлық құрамын қалыптастыру процедурасын жетілдіруге, оның функционалдығын нығайтуға бергелі отырмыз. Құрметті әріптестер, менің ресми ұсыныстарым келесі жылдың қаңтар айында сіздерге жолданады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен