Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясының Израиль шекарасына қатысты қарарын қолдады

Қазақстан БҰҰ бас Ассамблеясының Израиль шекарасына қатысты қарарын қолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: webtv.un.org

Дауыс беру 28 қараша күні БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясы барысында өтті. Құжатқа сәйкес “Израиль оккупациялап алған Голан биіктігінен кетуі тиіс”.  

Құжатқа 91 мемлекет дауыс берді, оның ішінде Қазақстан, Қытай, Ресей және Үндістан бар. Ал сегіз мемлекет (Израиль, АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Австралия, Маршалл аралдары, Микронезия және Палау) қарсы болды. Тағы 62 мемлекет қалыс қалды.

Фото: webtv.un.org

Палестинаның БҰҰ-дағы тұрақты бақылаушысы Рияд Мансур бұл палестиналықтардың Газа секторында басынан өткерген ең қанды кезең екенін айтты.

"Олар бұған дейін көптеген шабуылдардың куәсі болды. Кем дегенде 15 000 палестиналық қаза тауып, 30 000-нан астамы жараланды. Бұл Палестина мен оның халқына қарсы ауқымды соғыс", - деді Рияд Мансур. 

Голан төбелері – Таяу Шығыстағы аумақ. Оның басым бөлігі қазір Израильдің, шығыс бөлігі Сирияның бақылауында. Голан төбелері туралы заң 1981 жылы 14 желтоқсанда Кнессетпен (Израильдің бір палаталы заң шығарушы органы) ратификацияланды. Ол халықаралық деңгейде айыпталды және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1981 жылғы 17 желтоқсандағы № 497 қарарына сәйкес жарамсыз.

Талқылау