Қазақстан бүкіл әлемдегі этникалық қазақтарға арнайы куәлік бермек
Қазақстанда бүкіл әлемдегі қазақ диаспорасын қолдау бойынша мемлекеттік бағдарлама дайындалуда. Онда этникалық қазақтар үшін арнайы куәлік шығару қарастырылған. Бұл туралы «Отандастар» қорының бірінші вице-президенті Талғат Әдуов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сурет: cont.ws
Әдуовтың сөзінше, аталған мемлекеттік бағдарлама 2020 жылдың көктемінде дайын болады деп жоспарлануда.
«Диаспораны қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарлама дайындалып жатыр. Мемлекеттік бағдарлама ел басшылығының деңгейінде таныстырылады», - дейді «Отандастар» қорының бірінші вице-президенті.
Сонымен қатар «Отандастар» қоры 2020 жылдың көктемінде қандастарымыздың форумын өткізіп, мемлекеттік бағдарламаның мүмкіндіктері айтылады деп жоспарлап отыр.
«Мемлекеттік бағдарламада, қазақ куәлігі сияқты жақсы механизмдер бар. Бұл құжат шетелдердегі қандастарымызға Қазақстанда ел азаматтарымен тең көптеген құқыққа ие болуына мүмкіндік береді. Тек саяси құқықтан басқа», - дейді Талғат Әдуов.
"Ұлымды ұрды, заттарын жоғалтты": Алматылық ана ұлының "Жаңа Ұрпақ" лагерінде қорлық көргенін айтып берді
Лагерьден кейін ұлының психологиясына айтарлықтай әсер еткен
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ