Қазақстан бойынша айт намазының кестесі жарияланды
Рамазан айының да аяқталуына санаулы күндер қалды. 10 сәуір – Ораза айт мейрамы. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы күні оқылатын Ораза айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесін назарларыңызға ұсынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: muftyat.kz
Астана және Шымкент қалаларында айт намазы 10 сәуірде сағат таңғы 07.00-де, ал Алматыда сағат таңғы 06.30-да оқылады.

Графика: ҚМДБ ресми сайты | 2024 жылғы Ораза айты намазының кестесі
Айта кетейік, Ораза айт (араб — 'ид әл-фитр) — ораза ұсталатын Рамазан айынан кейінгі Шәууәл айының бірінші күні, мұсылмандардың маңызды діни мейрамы. Исламдағы екі айт мейрамының бірі. Бұл күні мұсылмандар мешітте жиналып жамағатпен айт намазын оқиды. Ораза ұстауға тыйым салынған күн.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан