Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев Асланбек Шымбергеновке автокөлік сыйлайтынын айтты
Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев Асланбек Шымбергеновке өз атынан автөкөлік сыйлайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы Федерация президенті Facebook-тағы парақшасында жазды.
"Барша қазақстандық жанкүйерлермен бірге мен Асланбек Шымбергеновке қолдау көрсетемін. Елге оралған соң Асланбекке өз атымнан автокөлік сыйлаймын. Асланбек Шымбергенов – қазақтың нағыз батыры", – деп жазды ол.
Бұған дейін Кеңес Рақышев А.Шымбергеновтің Азия ойындарындағы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірген болатын.
Жасөспірімнің қорқынышты суреттері көпшіліктің назарын аударды: Психолог ата-аналарға ескерту жасады
Жағдайды жасөспірімнің әпкесі желіде баяндап, кеңес сұрады
Қарағандыда 2 жасар баланың басына мәдениет үйінің кірпіші құлап, қаза тапты: Анасы нысанның әлі жұмыс істеп тұрғанына наразы
Сабина: "Ғимараттың кірпіштері үгітіліп, құлап жатыр"