Қазақстан бокс федерациясына жаңа басшы тағайындалды
Қазақстан бокс федерациясының басшысы Кеңес Рақышев қызметінен кетіп, орнына Шахмұрат Мүтәліп келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Астанада Қазақстан бокс федерациясының жылдық жиыны өтіп, жаңа басшы сайланды. Ұйымның басшысы болған Кеңес Рақышев қызметінен кетіп, федерацияның жаңа президенті болып Шахмұрат Мүтәліп сайланды.
Жаңа басшы бұл қызмет өзіне артылған зор сенім әрі үлкен жауапкершілік екенін айтты. Сондай-ақ, дауыс берушілерге алғысын білдіріп, қазақ боксын дамыту, әлемдік деңгейдегі беделін көтеру жолында бар күш-жігерімен қызмет ететінін жеткізді.
Айта кетейік, Кеңес Рақышев Қазақстан бокс федерациясын 2019 жылдан бері басқарып келді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған


