Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан билігі Қырғызстандағы жағдайға қатысты пікір білдірді

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Қырғызстандағы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ол наразылық шаралары Конституция талаптарына сай шешілетініне үміт артты. Оған қоса, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы байланыстың маңыздылығын сөз етті.

"Қырғызстанда болып жатқан оқиғалар – сол елдің ішкі мәселесі. Қазақстанда бауырлас Қырғызстанмен өзара дәстүрлі достық қатынастарды және стратегиялық серіктестікті нығайту аса маңызды деп санайды. Сонымен қатар көршілес елдегі ахуалды тұрақтандыру ісі Қырғызстанның Конституциясы мен заңдарына сәйкес жүзеге асырылады деп үміттенеді. Қырғыз халқы өз мемлекетінің ұзақ мерзімді мүддесі үшін күрделі жағдайдан шығудың тиімді жолын табады деп пайымдайды", - деп жазды Берік Уәли.

Еске салайық, 5 қазан күні таңертең екі мыңға жуық партия жақтаушылары Бішкек орталығында наразылық акциясын бастады. Олар сайлау нәтижелерін жоюды және қайта дауыс беруді талап етті. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 06 Қазан, 2020 11:16
Талқылау