"Қазақстан барысы-2022" жеңімпазы Румыниядағы әлем кубогында үздік атанды
"Қазақстан Барысы" чемпионы, қызылордалық балуан Мақсат Исағабылов Румынияның Констанца қаласында өткен қазақ күресінен әлем кубогінің иегері атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қара теңіз жағалауында өткен әлем кубогына 15 елдің спортшылары келді. Қызу тартыста Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Турнирдің чемпиондары мен жүлдегерлері медаль мен ақшалай сыйлықтарға ие болды.
Қазақстанның үздік балуаны Мақсат Исағабылов 100 кг салмақта күресіп, ешкімге дес бермеді. Сегіз алтын медальдың жетеуін қазақ спортшылары еншіледі.
100 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда қазақстандық Еркінбек Бөлен камерундық Доласем Дьэдоннадан жеңіліп қалды.
Естеріңізге салсақ, осыған дейін екі қазақстандық балуанның әлем құрамасына шақырту алғаны жарияланған еді.
"Бір бие, бір жабағыдан бастадық": 40 жылдан бері жылқы баптап жүрген отбасы қымызмұрындықтың мәнін түсіндірді
Қастерлі Жолдыбалина бала күніндегі қымызмұрындықтың қазіргі мерекеден өзгеше болғанын айтады
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып

