Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан әйелдер қауымдастығы зейнет жасының 61-мен тоқтауына қарсылықтарын білдірді

Қазақстан әйелдер қауымдастығы зейнет жасының 61-мен тоқтауына қарсылықтарын білдіріп, 58-де құрмет демалысына шығуды қалайтындарын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Atameken Business арнасына сілтеме жасап.

57 жастағы Кенжеғайша Сембаева 27 жыл темір жол саласында жұмыс істеген. Ерте жастан жұбайынан айрылған ол 2 баласын аяққа тұрғызып, немерелеріне қарау үшін 6 жыл бұрын жұмыстан шыққан. Немерелері өскен соң қайта жұмысқа орналасуға мүмкіндігі болмаған Кенжеғайша зейнет жасына жетуді күтіп жүргенін айтады.

“Елімізде әйелдердің көбісі жұмыссыз. Оның үстіне денсаулық жағына назар аударсақ, әйелдер үшін бұл ауыр деп ойлаймын. Біз 58 жастан болса екен деп сұраған болатынбыз. Ауыр өнеркәсіпте жүрген әйелдер бар. Олар үшін қазіргі зейнет жасына дейін жұмыс істеу өте қиын”, –  деді Кенжеғайша Сембаева.



ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі де коронавирустың ел денсаулығы мен ұзақ өмір сүру жасына біраз залалын тигізгенін айтқан болатын. 

“Көпшілікті 2028 жылдан кейін әйелдердің зейнет жасы 61-ден ары ұзартыла ма,  жоқ па деген сұрақтар мазалауда. Біз бұған дейін коронавирустың зардабын айтқан болатынбыз. Қазір медицина саласында осыған байланысты жұмыстар жүргізілуде. Алдағы бес жылда халықтың денсаулығын бақылай отырып, кейін бұл сұрақ қайта қаралатын болады”, – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бас сарапшысы Марфуға Ысмағұлова.

Дегенмен Қазақстан әйелдер қауымдастығы бұған қарсылық білдіріп, осы айда министрлікке зейнет жасын 58-ге қою бастамасымен баруды көздеп отыр. Олардың ұсынысы – денсаулығы жарамайтын әйелдер 58-ден құрметті демалысына шығып, қалған адамдар 61-ден шықса дейді.

Талқылау