Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан ауыр атлетикасында кезекті жанжал: Зілтемірші жүлдемнен айырды деп бапкерлерді айыптады

Қазақстандық ауыр атлет, қазіргі таңдағы Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Алексей Дроздов Ташкентте өткен ауыр атлетикадан әлем чемпионатына спортшыларды іріктеу әділетсіз жүргізілгенін айтты. Спортшының видео үндеуі Ushtobeqz парақшасында пайда болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ауыр атлетши

Алексей Дроздов өзінің халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның рекордсмені және жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері екенін айтады. Бір ай бұрын өткен Қазақстан чемпионатында спортшы 61 келіге дейінгі салмақта рекорд орнатқан.

Алексей Ташкентте өткен әлем чемпионатында корей спортшысы жалпы салмағы 288 келіні бағындырып, алтын медаль жеңіп алғанын, ал қараша айында өткен Қазақстан чемпионатында ол жалпы салмағы 295 келіні жинап, рекорд орнатқанын айтады.

"Мен жақсы формада болдым және қазір де солай, әлем чемпионатында ең жоғары нәтижені оңай көрсетуге дайын болдым, алайда мені еш себепсіз алып бармады. Мені әлем чемпионатына апарам деп уәде беріп, бірақ орныма легионер Арли Чонтейді апарған бапкерлер штабына наразылығымды айтамын. Неліктен маған әділетсіздік жасалды?" –  дейді спортшы.



Өзінің жазбасына автор екі жазбаны қоса жариялаған: оның бірінде Оңтүстік Кореялық спортшы Ташкентте өткен әлем чемпионатында алтын медаль әкелген штангасын көтеріп тұр, екіншісінде Алексей Дроздовтың жаңа республикалық рекорд орнатқан сәтін көруге болады.

Еске салайық, ұлттық құраманың сайланған, бірақ қызметіне кірісе алмаған бас бапкері Дәурен Бекмұханбетов те Алексей Дроздовты әлем чемпионатына апармағанына таңданысын жасырмаған.

Қазақстандық ауыр атлет, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы және Азия чемпионы Альберт Линдердің қайтыс болғаны 17 қыркүйекте белгілі болды. Ол 25 жаста еді. Спортшы өз өзіне қол жұмсаған. 2021 жылғы қазақстандық ауыр атлетикадағы жанжалдың көпшіліктің назарына шығуына Альберт Линдердің өлімі және одан кейінгі оқиғалар себеп болды. Күрделі шаралар қабылдаудың шешуші себебі спортшылардың, бапкерлердің, сондай-ақ Альберт Линдердің туыстарының тарапынан түскен өтініштер болды.


 


Министрдің оқиға араласуынан кейін жаттықтырушылар штабының өрескел заңбұзушылықтары анықталып, ұлттық құраманың бас бапкері Бақыт Ахметов, бас бапкер Сергей Седов және басқа да қызметкерлер жұмыстан шеттетілді. Мәдениет және спорт министрінің шешімімен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып Дәурен Бекмұханбетов сайланды. Алайда кейінірек Дәурен Бекмұханбетов мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, ол әлі ресми түрде бас бапкер қызметіне тағайындалмаған және құжаттары "жоғалып" кеткен.

Талқылау