"Қазақия мен Алашорда": Болат Әбілов Қазақстан мен астана атауын өзгертуді ұсынды
Болат Әбілов 16 мамыр Алматыда өткен баспасөз мәслихатында "Bizdin Tandau" атты саяси партиясын құратынын айтты. Сонымен қоса партияны құрушылар Қазақстан атауын – Қазақия деп және ел астанасын – Алашорда деп атауды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстан атауы Кеңес одағынан бері келе жатыр. Желтоқсан, Жаңаөзен, Қаңтар оқиғаларынан кейін бұл атауда бір қарғыс бар секілді сезіледі. Мұнымен қатар біз Назарбаевқа қатысы бар атаулардың барлығын алып тастауымыз қажет. 30 жыл бойы елді тонаған адамның аты халықтың есінде сақталып қалуға лайықты емес. Сол себепті біз Қазақстан атауын – Қазақия деп, ал астананы – Алашорда деп атауды ұсынамыз", – деді Әбілов.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды