Қазақ тіліне арналған күн: Баян Алагөзова жанкүйерлерін таңғалдырды (видео)
Баян Мақсатқызы дегенде жұрттың көз алдына қатал, заманауи, тек қана орыс тілінде сөйлейтін, бірбеткей продюсер елестейді. Алайда Алагөзова шын мәнінде қарапайым әйел екенін жұртқа дәлелдеп әлек. “Мен де нәзік жандылардың бірімін, мықты болғым келмейді”, – дегенді Алагөзова талай мәрте айтқан, деп жазады Stan.kz.

Күні кеше Алагөзова өзін тағы бір қырынан көрсетуге тырысты. Ол бір күн бойы тек қана қазақ тіліне сөйледі. Продюсерден мұндайды күтпеген жұрттың таңырқап қалғаны айтпаса да түсінікті.
“Бәріңізге сәлем! Бүгінгі күн – тек қана қазақша сөйлейтін күн. Қызымыз екеуміз күні бойы тек қана қазақша сөйлеп жатырмыз. Қызым менің 5 жыл бойы қазақ мектепте оқыды. Мен сияқты емес. Орыс тіліндегі мектепті бітірген адаммын”, – деп видео жолдаған Алагөзова көпшіліктің оңды бағасынан үлесті болды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды