Қазақ боксшысы Өзбекстандық Олимпиада ойындарының чемпионына есе жіберді

Кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық боксшы Айдос Тастаев пен өзбекстандық Олимпиада ойындарының чемпионы Асадхужа Муйдинхужаев арасында жекпе-жек өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ресейдің Челябі қаласында кәсіпқой бокс кеші өтті.
Бұл кеште Олимпиада ойындарының чемпионы Асадхужа Муйдинхужаев пен қазақстандық боксшы Айдос Тастаев жұдырықтасты. Қос боксшы жартылай орта салмақта өзара мықтыны анықтады. Алайда екі боксшының айқасы ұзаққа созылмады.
Небәрі екінші раундта Олимпиада ойындарының чемпионы Асадхужа Муйдинхуджаев техникалық накаутпен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұл өзбек боксшының кәсіпқой бокстағы бірінші жекпе-жегі. Ал Айдос Тастаев болса кәсіпқой бокста барлығы 15 жекпе-жек өткізіп, оның 8-де жеңіске жетсе, 7 рет жеңілген.
Асадхужа Муйдинхуджаев 2024 жылғы Париж Олимпиадасының чемпионы. 2023 және 2025 жылғы екі дүркін Әлем чемпионы, Азия чемпионатының қола жүлдегері.
Талқылау
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып
Желіде шетелге шыққан қазақстандықтарға сыйақы ұсынатындар көбейген: Мұның артында не тұр
Ведомоство мұндай жағдайлар жауапкершілікке әкелетінін ескертті

