Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі "Байсат" базарының бір бөлігі қайтарылды

Алматы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Қайрат Сатыбалдының ұлы өзіне тиесілі "Байсат" базарының бір бөлігін мемлекетке қайтарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қайрат Сатыбалды

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының "Алматы жылу" холдинг кешенінің (қазіргі "Байсат" базары) мүлкімен жасалған барлық мәмілені жарамсыз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енді.

"Сотта қызмет бейінін сақтау және иеліктен шығаруға тыйым салу туралы шарттың талаптарын сақтамау бойынша міндетті сату шартынсыз 4 жыл бұрынғы мүлікті бағалау туралы өзекті емес есепті қолдануда көрсетілген кешенді заңсыз сату фактілері расталды", – делінген қалалық прокуратура хабарламасында.


Жалпы ауданы 4 221,4 м2 3 объектіден және 1,4 га жерден тұратын мүлік Бауыржан Нурсултанға (Қайрат Сатыбалды ұлына) тиесілі "ҚазГерСтрой бірлескен кәсіпорны" ЖШС және "Astana Finansial Group" ЖШС өзара үлестес компанияларының меншігінде болды.

Еске салайық, сотқа дейінгі тергеу барысында Қайрат Сатыбалды "Байсат" базарының басым бөлігін өз еркімен қайтарып берген еді. 2022 жылдың 26 қыркүйегінде Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 соты Қайрат Сатыбалдыны 6 жылға бас бостандығынан айырды. Оған Қылмыстық кодекстің екі бабы "Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру", "сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу" баптары бойынша айып тағылды. Ол процесс барысында тағылған айыпты мойындады.

Бұдан бөлек, ол 10 жыл бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. Қайрат Сатыбалды "Құрмет" пен "Парасат" ордендерінен айырылды. Қазір ол жазасын Шығыс Қазақстанда орналасқан ОВ-156/20 колониясында өтеп жатыр.
 

Талқылау