Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі екі айға қамауға алынды
Гүлмира Сатыбалды екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына сілтеме жасаған Stan.kz.

"2022 жылдың 18 наурызында Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Сатыбалды Г.К.-ға қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді", - делінген сот хабарламасында.
Сот Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа да мәліметтерін жария етуден бас тартты.
Еске салайық, осы қарсаңда Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі ұсталғаны белгілі болды. Гүлмира Сатыбалды және басқа да адамдар бизнесті басып алды деген күдікке ілінді.
Қайрат Сатыбалдыұлының өзі 13 наурызда "Қазақтелекомның" қаржысын жымқырды деген айыппен ұсталған болатын.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды