"Қайрат пәтеріне миллион төлеп отыр": Гүлзира Айдарбекова Жұлдыздың қандай үйде тұратынын айтты
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні мен немерелерінің қайда тұратынын айтты. Продюсер жарымен видео жүктеп, махаббат туралы сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі жақында Түркия елінен оралған болатын.
“Ескірмеген, ескірмеген махаббат...
Адам баласы өмірдің төрт кезеңін басынан өткереді. Сәби шақ, жастық шақ, орта буын және қарттық. Төрт кезеңде де өлмейтін, қартаймайтын дүние бар, ол – махаббат. Махаббат адамның жүрегінде тұтанып, санасына, бойына таралатын ұлы сезім.
Өлмейтін махаббатты жасаушы да өзіміз. Дәл осылай қол ұстасып, бала-шаға, немерелердің ортасында бақытты болып жүрген кезге не жетсін.
Әдемі қартаю да бір бақыт, сол бақытты баршамызға нәсіп етсін!”, – деп жазды продюсер.
Видеода бой көрсеткен ортаншы ұлының екі баласын көрген желі қолданушылары Қайрат пен Жұлдыздан туған немерелерін де іздеді. “Үлкен немерелері де жандарынан табылғанда керемет болар еді” деп жазған оқырманына продюсер: “Шақырғанбыз, сабақтарынан босай алмады. Оларды күте алмай жолға шығып кеттік. Ортаншы ұлдың ұл-қызы мектепке бармағасын түсірдік” деп жауап берді. Енді бір оқырман “Қайраттың пәтеріне келгенсіздер ма, ол жақта Жұлдыздар тұрмаушы ме еді” деген сұрағына: “Жұлдыз пәтерін сатып, коттедж алған жоқ па?!. Біткен жоқ әлі, бітсе кірер. Оны неге уайымдап отырсыз? Далада жүрген жоқ қой, әкелері ай сайын миллион теңге төлеп отыр бітпеген пәтеріне. Жағдайлары жасаулы, ақшасын аяп жатқан жоқ, отбасы қалай жүріп-тұрса да” деп жауап қатты.
Еске салайық, Гүлзира Үсенқызы алғаш отбасы болған жылдарын еске алып, қандай қиындыққа тап болғанын жазған едік.