Қайрат Нұртастың жұбайы әншінің жаңа бейнебаянына түсті (фото, видео)
Қайрат Нұртас «Жүрегіңнен бір орын бер» әніне бейнебаян түсірді. Ал бейнебаянның негізгі кейіпкері – кеше ғана «Арман. Когда ангелы спят» фильмі арқылы танылып, бірден көрерменнің жүрегіне жол тапқан Жұлдыз Әбдікерімова. Қайраттың жаңа бейнебаянының түсіріліміндегі видео желіде тарап кетті, – деп хабарлайды Stan.kz.
Сурет: Қайрат Нұртастың Instagram-дағы жеке парақшасынан
Қайраттың жары әншінің бұдан оншақты жыл бұрын «Арман» әнінен түсірген бейнебаянында рөл сомдаған. Он жыл бойы жұрт назарынан тасада болған Жұлдыз бүгінде өз мамандығын қолға алып, актриса болуға ниеттенген сыңайлы.
Естеріңізге сала кетсек, біраз уақыт бұрын әншінің анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова Қайраттың ән кештерінде Жұлдыздың жүргізуші болатынын айтқан еді. Ол ендігі мақсаты келінін танымал ету екендігін де жасырмады.
Оқи отырыңыз:
Мейрамбек Беспаев сахнадағы отыз жылдығын атап өткісі келмеген
Баян Есентаеваның күйеу жігіті концертте жүргізуші болатыны жөнінде пікір білдірді
Димаш әлемдік жұлдыздармен бірге қызыл кілем үстімен жүріп өтті (фото)
Талқылау

Қазақстандықтар азық-түлік бағасының шарықтап кеткеніне шағым білдірді: Баға былтырғыдан қарағанда қалай өскен?
Соңғы уақытта қазақстандықтар азық-түлік пен тұрмыстық тауарлардың бағасының күрт өсуіне байланысты жиі шағымданып жатыр

"Курьер болып күніне 100 мың теңгедей ақша табуға болады": Үш жыл Америкада тұрып жатқан қазақстандықтар елге неге қайтқысы келмейтінін айтты
Ерлі-зайыптының екінші ұлдары АҚШ-та дүниеге келген