Қайрат Құдайбергенді қамауға алу мерзімі тағы екі айға ұзартылды
Алматы қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергенді қамау мерзімі тағы екі айға ұзартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті.
"16 тамыз күні Алматы қалалық тергеу сотының қаулысымен күдіктіні қамауда ұстау мерзімі екі айға ұзартылды. Қамау мерзімі – 2022 жылдың 21 қазанына дейін", - деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметінен.
Бұған дейін күдіктіні қамау мерзімі бір айға ұзартылған болатын.
Еске салсақ, Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны туралы ақпарат 22 сәуірде пайда болған еді. Кейін ҚР Бас прокуратурасы Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасының ісі бойынша ұсталғанын растады. Қайрат Құдайбергеннің Дикий Арманмен бірге адам жинауды ұйымдастырғаны айтылды.
Қазақстандық әженің үйін жөндеуге келген еріктілер шатырдан 8 пакет ақша тауып алған: Кейуана оны қайыр тілеп жинаған
Ерікті: "Ақшаның тең жартысы тиын"
“Мәселе мәдениетте емес”: Мамандар Қайрат Нұртастың концертіндегі халық әрекетіне баға берді
Мамандар мұндай жағдайлардың тек Қазақстанда емес, өзге елдерде де кездесетінін атап өтті