Қайрат Боранбаев Ұлттық паралимпиада комитетінің басшысы болып қайта сайланды
Олигарх Қайрат Боранбаев Ұлттық паралимпиада комитетінің басшысы болып қайта сайланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото желідегі парақшасынан
Бұл жаңалықты олигарх әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Достар, Паралимпиада федерациялары өкілдерінің бірауыздан шешімімен мен Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті болып сайландым", – деп жазды ол.
Олигарх 2016 жылы осы комитетті басқарған еді. 2020 жылдың ақпанында ол осы қызметке қайта сайланды. Ал осы жолы басшысы ретінде екінші рет қайта сайланып тұр.
Еске салсақ, Олигарх Қайрат Боранбаевтың үстінен тағы екі іс қозғалғанын хабарлаған едік.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған