Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Боранбаев түрмеден босап шықты

Қайрат Боранбаев түрмеден босап шықты. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінің хабарлауынша, бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға ауыстырылған Қайрат Боранбаев 2023 жылғы 6 қарашада бас бостандығынан айыру орнынан босатылып, тұрғылықты жері бойынша жазасын өтеу орнына өз бетімен барады.

“Мекеменің әкімшілігі сотталған азаматқа пробациялық бақылауды есепке алу және жүргізу үшін пробация қызметіне келу бағыты мен уақытын көрсете отырып, жазасын өтеу орнына бару туралы бұйрық береді, оған оны сипаттайтын материалдар да жіберіледі”, – делінген ақпаратта.



Еске салайық, 20 қазанда Боранбаевқа қатысты сот үкімі өзгеретіні белгілі болған. Сот Боранбаевтың өтінішін қанағаттандырып, жазаның өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеуге ауыстырған.

Бұған дейін сот үкімі бойынша Қайрат Боранбаев мемлекет мүлкін жымқырғаны үшін мүлкі тәркіленіп, 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

баннер

Талқылау