Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қауіпсіздік белбеуі қайда?” Қазақстандық зілтемірші Илья Ильин жол ережесін сақтамағаны үшін айыппұл арқалады

Белгілі спортшы, зілтемірші Илья Ильин әлеуметтік желідегі бейнежазбасы үшін айыппұл арқалады. Ол көлікте қауіпсіздік белбеуінсіз отырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Видеодан кадр

Бейнежазбаны Ильин әлеуметтік парақшасында жариялаған. Видеода досы оны жолай көлігіне отырғызып алып кеткенін байқайсыз. Тізгінде "Қазақстан спортшылар одағы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Азамат Қарлығашев. 

Бір ерекшелегі екі азамат та жол ережесін сақтамаған. Яғни қауіпсіздік белбеуін тақпаған. 

Көп ұзамай оқырмандардың шағымымен олар әкімшілік жазаға тартылды. Елордалық полицейлер спортшы мен көлік тізгініндегі танысына 3 бап бойынша айыппұл жазды. Яғни әкімшілік кодекстің 597 бабы (Көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу), 593 бабы (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) және 615 бап (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. 

Көп ұзамай зілтемірші әлеуметтік парақшасында әрқашан жол ережесін сақтап жүретінін жазып, айыппұл төлеген сәтін жариялады. 

Талқылау