Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қатты жаңбыр жауып, арты қарға айналады: Қазақстанда алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстанда 2024 жылдың 28-30 мамыр күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Cиноптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде күн суытады, тек батыста жылы ауа райы сақталады. 

Кезекті циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстанның барлық аумағында ауа-райын қалыптастырады, ол өзімен бірге жаңбыр әкеледі, 28 мамырда еліміздің солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауады, түнгі уақытта ылғалды қарға айналады деп болжанады.

Температура бойынша айтарлықтай жоғарылау күтілмейді. 28 мамырда батыста, солтүстікте және орталықта, 29-30 мамырда шығыста түнгі уақытта 3 градусқа дейін үсік болжанады. Еліміздің батысында ғана жоғары қысым өрісі жауын-шашынның тоқтауына және түнде де, күндіз де ауа температурасының біртіндеп жоғарылауына әкеледі.

Еске салсақ, бұған дейін жаз айларына арналған ауа райы болжамы туралы жазған едік.

Талқылау