Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қатты ауырып жатқанда келмей қойды": Дархан Жолшыбековтің әйелі отбасындағы кикілжіңді жайып салды

Танымал блогер Дархан Жолшыбековтің әйелі Дариға Нүкеева отбасындағы құпияны жайып салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшадан алынды

Жұлдызды блогерлер “Сыр” подкастында қонақ болып, отбасындағы ұрыс-керістің себебін айтты. 

“Дарханмен бірге өмір сүргеніме бақыттымын. Бізде бәрі бар. Бірақ кейде көңіл бөлмей қалады. Өмірде ақшадан да құнды дүниелер бар емес пе?! Отбасын екінші орынға қойып жүре береді. Бір күні мерзімі өткен дәріні көзіме тамызып, қатты ауырып қалдым. Дене қызуым көтеріліп, Дарханды шақырдым. Ол достарымен бірге бильярд ойнауға кеткен. “Дархан, көзім ауырып жатыр, келші" дедім. Бұл маған "сонда қазір барып, шайыңды беріп қасыңда отыруым керек пе?" деді де келмеді. Қатты ауырып тұрсам да, жағдайымды өзім жасадым. Ақша үшін талай рет ұрыстық. Жалпы мен көп ұрыса бермеймін. Өзінен-өзі ашуланып кетеді", – деп ренішін айтты блогер келіншек. 



Сондай-ақ Дархан әйелінен есеп сұрамауды талап етіп, орынсыз іздемеуді ескерткен. 

“Бүкіл ақшаны Дари ұстайды. Өзім де кейде сұрап аламын. Бір күні 100 мың теңге үшін қатты ұрысып қалдық. Достарыммен қыдырып жүргенде 100 мың теңге керек болды. Дариға ақша салып жібер десем: “Не үшін?!” деді. Мен сол жерде қатты ашуландым. Достарымның көзінше беделім түскендей болды. Әйелі ешқашан күйеуінен есеп сұрамауы керек. Менің пікірім – осы”, – деді Дархан.  

Еске салайық, блогердің некесіз туған Айша есімді қызы барын жазған едік. 

Талқылау